18-07-20 |
2440 рет қаралған
Автобус жолаушысы: Коронавирус сандырақ.
Автобус жолаушысы: Коронавирус сандырақ

Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде маска режимін бұзған жолаушы маска киюден бас тартып, «Оңай» тексерушісінің айтқанына құлақ аспағаны туралы видео тарады. Видео Алматы қаласы әкімшілігінің telegram ресми каналында жарияланды.

Оқиға туралы Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы хабарлады.

«Екі күн бұрын біз «Оңай» бақылаушыларының автобустан маскасыз жолаушыны түсіріп тастағанының куәгері болдық. Ауданда осы тұрғыда мониторингтік топтар аялдамалар мен қоғамдық көліктерде маска режимін сақтауды бақылау жұмыстары жүргізіледі», – деді Д.Қайратұлы.

Қала әкімшілігі тарапынан маска режимін сақтауды бақылауға ерекше назар аударылатынын, сонымен бірге, қоғамдық көліктердегі жағдайға көңіл бөлінетінін еске саламыз, себебі автобустардың жабық болуы есебінен тұрғындардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі де артады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.