21-07-20 |
1120 рет қаралған
Жерлеу үшін бағаны көтерген көр қазушылар ұсталды.
Жерлеу үшін бағаны көтерген көр қазушылар ұсталды

Алматы полициясы жерлеу үшін бағаны көтерген көр қазушылар ұстады деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі. Полицияға зират қызметкерлеріне шағымданып 8 адам ресми өтініш білдірген . Өтініш білдірушілердің айтуы бойынша, олардың жерлеу қызметі үшін қосымша ақы төлеуді талап етіп, белгіленген бағадан басқа 70-тен 80 мың теңгеге дейін ақы төлеуді талап еткен.

ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың, сондай-ақ ішкі істер министрлігі басшылығының тапсырмаларын орындау үшін қайтыс болған адамдарды жерлеу қызметі үшін белгіленген сомадан басқа, қаза болғандардың туыстарынан қосымша қаражат алатын адамдардың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу үшін арнайы тергеу-жедел топтары құрылды.
Жақын адамдардың жоғалуынан қайғы-қасірет көріп отырған жәбірленушілерге материалдық ғана емес, моральдық залал келтірілген. Полиция қызметкерлері екі азаматты анықтап, ұстады.
«Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдікті адамдардың қатысуымен қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, олар аяқталғаннан кейін әрбір кінәлі адамның іс-әрекеттеріне жеке құқықтық баға берілетін болады.
Сонымен қатар, жерлеу кезінде заңсыз ақша алу жолын кесу мақсатында басқа да жерлеу орындары тексеріледі» деп хабарлайды құзырлы орган.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.