12-08-18 |
4010 рет қаралған
Каспийдің экожүйесін қорғауда арнайы құжатты бекіту ұсынылды.
Каспийдің экожүйесін қорғауда  арнайы құжатты бекіту ұсынылды

V Каспий саммитінде президент Н.Назарбаев Каспийдің экожүйесі мәселесін көтеріп, осы бағытта күш біріктеріп, бес елге ортақ теңіздің экожүйесін қорғауда арнайы құжат бекітуді ұсынды.

– Бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын сақтауға бағытталған балықты коммерциялық аулауға мораторий жарияланғанына да сегіз жыл болды. Біздіңше, тараптар іске асырған шаралардың тиімділігі жеткіліксіз болып тұр. Қазақстанның шекара қызметінің әрекетінің нәтижесінде балықты заңсыз аулағандарды ұстау көрсеткіші артқанымен, тәркіленген аулар мен балық аулаудың өзге де құралдарының саны көбейіп жатыр. Осыған байланысты теңіздің бірегей экологиялық жүйесін сақтау мақсатында жақын арада бесжақты құжатты бекіту ұсынылады. Ол құжат биоресурстарды заңсыз аулаумен күреске қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар 2010 жылы басталғанына қарамастан, біз оны әлі де лайықты деңгейге жеткізе алмадық – деді президент.

Бүгін Ақтауда V Каспий саммиті өтіп, онда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияға бес ел басшылары қол қойды. Осылайша, Каспий мәселесі бойынша жиырма жылдан бері жалғасып келе жатқан келіссөздер нақты нәтижеге әкеліп, саяси-страегиялық және мемлекеттік шекара мәселесінде де маңызды әрі тарихи конвенция қабылданды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.