Фото:iagorod.kz
Коронавирустың жаңа толқынында қазақстандықтарды дәрі-дәрмек тапшылығы тығырыққа тіресе, жаңа оқу жылында оқушыларға компьютер жетіспеуі мүмкін. Белгілі журналист Рахат Жақсыбай «Nur Otan» партиясы жақтастарының zoom-конференциясында осылай деді. Өйткені, бірінші тоқсанды қашықтан оқитын ел оқушылардың бас-басында компьютер мен ноутбук жоқ.
«Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының мүшелері zoom-конференция барысында коронавирус індетінің келесі толқынында не істеу керек, алда қазақстандықтарды қандай проблемалар күтіп тұрғанын талқылады.
Журналист Рахат Жақсыбайды қашықтан сабақ оқитын оқушылардың жайы алаңдатады. Өйткені, соңғы оқу жылының төртінші тоқсанын үйден оқыған балалар компьютер мен ноутбук және планшет тапшылығын көрген болатын.
«Кеше дәрі-дәрмек тапшылығы қоғамда үлкен мәселеге айналды. Ертең жаңа оқу жылында компьютер жетіспеушілігі де осындай проблема тудыруы мүмкін. Парацетамол іздегеніміз секілді ата-аналар да ноутбук іздеп сандалып кетпесе деп отырмыз. Білім министрі қашықтан оқыту үшін 700 мың компьютер қажеттігін айтты. Бұл проблеманы шешу керек. Көпбалалы отбасыларға партия тарапынан көмек болса, олардың балаларын мектепке дайындаса деген ұсыныс бар. Жастардың біліміне үлкен мән беруіміз керек», – деді ол.
Айта кетейік, биыл маусым айында танымал саясаттанушы Ерлан Саиров «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасын құрған болатын. Оның құрамына қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер кірген.
Бүгінгі zoom-концеренцияға «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, саясаттанушылар Айдос Сарым мен Қазыбек Майгелдинов, журналистер Бағдат Қожахметов, Айдос Жұқанұлы, Рахат Жақсыбай, Бибігүл Дәулетбекқызы, блогерлер Яков Федоров пен Самат Нұртаза қатысты.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024