04-08-20 |
1220 рет қаралған
«Аймақ халқының саяси белсенділігі оянып келеді».
«Аймақ халқының саяси белсенділігі оянып келеді»

Саясаттанушы Бауыржан Серікбаевтың пікірінше, аймақтағы проблемалар республикалық масштабқа жетпей, жергілікті деңгейде шешілуі керек. Ал, оған халықтың көзін жеткізуге «Nur Otan» партиясы өткізгелі жатқан праймериз септігін тигізуі тиіс.

Оның айтуынша, дәл қазір аймақтағы халықтың жергілікті басқарушы органға деген сенімі өте төмен. Жастардың да көкейінде «сайлау әділ өтпейді» деген пікір қалыптасып қалған. Мұндай пікірін ол «Nur Otan» партиясы жақтастарының лигасы өткізген онлайн-конференцияда айтты.

«Жуырда ғана аймақтарды аралап келдім. Аудан-ауылдарда шешуге болатын көптеген мәселе шешілмей отыр. Халық арасында «егер қандай да бір проблеманы шешу керек болса, оны міндетті түрде Нұр-Сұлтанға немесе облысқа хабарлап айту керек» деген пікір қалыптасқан. Аймақтың деңгейде мәселе шешілмейді деген қоғамдық сана қалыптасқан. Менің ойымша, бұл жергілікті атқарушы органның, әкімнің дұрыс жұмыс істемеуінің салдары. Яғни, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі үзілген», – дейді ол.

Ол алдағы партияның праймеризі ең алдымен аймаққа белсенді, жұмыс істеуге құлшынысы бар, мәселені тереңнен ойлайтын жастар әкелуі керек. Яғни, аймақтарды басқару жүйесіне түбегейлі өзгеріс керек. Өйткені, дәл қазір ауыл халқы өзінің депутаты кім екенін немесе ол депутат соңғы рет ауылға қашан келгенін білмейді.

«Яғни, қазір депутат сайланады, сайланғаннан кейін ары қарай халықпен жұмыс істемейді. Оны бақылайтын да орган жоқ. Сондықтан, праймеризге белсенді қатысқысы келетін жастардың праймериз әділ өтпейді деген күдігін жою керек», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.