05-08-20 |
1490 рет қаралған
Маска тақпағаны үшін салынатын айыппұл азайтылмақ.
Маска тақпағаны үшін салынатын айыппұл азайтылмақ

Қазақстанда каратин режимі кезінде маска тақпағаны үшін салынатын айыппұл көлемі азайтылмақ. Заң жобасына енгізілген өзгерістерге сай маскасыз жүргені үшін 1 АЕК немесе 1778 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленбек. Аталған заң бұзушылық қайталанған жағдайда 2 АЕК немесе 3556 теңге мөлшерінде айыппұл салу ұсынылып отыр. Мұндай өзгерістер «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасында айтылады.

Қазіргі кезде маска режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі жеке тұлғаларға 30 АЕК (83 340 теңге), бизнес субъектілеріне кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай 230 АЕК (638 940 теңге) – тен 1600 АЕК (4 444 800 теңге). Бұл ТМД елдері ішіндегі ең көп айыппұл. Мәселен, маска реимжін бұзғаны үшін салынат айыппұл көлемі әр елде әртүрлі. Кестеге қарағанда Қазақстандағы қазіргі айыппұл көлемі өте жоғары екенін көруге болады.

Ресей Федерациясы

(Мәскеу)

28 604.12 теңге

Өзбекстан

Республикасы

9 187.60 теңге

Украина

2 564.30-дан 3 846.45 теңгеге дейін

Тәжікстан

Республикасы

4 720.96-дан 11 802.39 теңгеге дейін

Әзірбайжан

Республикасы

24 708.52 теңге

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.