04-09-20 |
1460 рет қаралған
Көшербаев мектептерге жаңа пән енгізуді ұсынды.
Көшербаев мектептерге жаңа пән енгізуді ұсынды

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев білім және ғылым министрлігі орта мектептерде отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиеге бағытталған арнайы пән енгізу керектігін айтты

«Қазіргі таңда жұртшылықпен жұмыла талқылауды қажет ететін тағы бір көкейкесті рухани тақырып – отбасы мәселесі. Жалпы, жаһандану заманында ұлт ретінде сақталып қалу үшін отбасыдағы ұрпақ тәрбиесінің мәні зор. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігінің орта мектептерде отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиеге бағытталған арнайы пән енгізу бойынша ұсыныстар енгізетін кезі келді деп ойлаймыз. Сонымен бірге, белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен көпбалалы аналардан құралған ата-аналар ұйымын құрып, министрлікпен бірлесіп «Отбасы – орта мектеп» атты жастарға тәрбие берудің жалпыхалықтық әдістемесін әзірлеу қажет деген ойдамыз», – деді Көшербаев.

Алматыда жиын өткізген Көшербаев рухани жаңғыру бағдарламасына қатысты да біраз ой айтып, талқылауға ұсынған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.