Ақ үй басшысы Дональд Трамп президенттік лауазымға қайта сайланса АҚШ экономикасын Қытайдан «ажыратып», Қытай бизнесіне деген тәуелділікті біржола тоқтататынын мәлімдеді.
«Біз Американы өндірістік күшті державаға айналдырамыз және Қытайға деген тәуелділікті біржола жоямыз. Бұл мен бұрыннан жасап келе жатқан қомақты тариф енгізу болуы мүмкін. Біз қалай дегенменде тәуелділіктен арыламыз, өйткені Қытайға сенім арта алмаймыз», – деді ол Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында.
Президент: «Біз Қытайдағы АҚШ-тың жұмыс орындарын қайтарамыз. Қытайға немесе басқа елдерге кететін компанияларға арнайы тариф енгіземіз. Қытаймен әріптестік жасаудан АҚШ миллиардтаған шығынға батып отыр», – деді.
Баспасөз мәслихатының соңында Дональд Трамп: «Менің сайлаудағы қарсыласым Джо Байден жеңіске жетсе бұл Қытайдың жеңісі, өйткені біздің елді Қытай иеленетін болады» деген түйін жасады.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024