08-09-20 |
1330 рет қаралған
Қазақстан биыл 40 елге бидай сатпақшы.
Қазақстан биыл 40 елге бидай сатпақшы

Қазақстан биыл 40 елге бидай сатпақшы. Бұл туралы ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты.

«Егін жинау жұмыстары басталған кезде жылдағыдай трейдерлер де бағаның қандай болатынын күтеді. Бұған дейін олардың белсенділіктері төмендеу еді. Бүгінгі күні дәнді-дақылдарды жинау жұмыстарының 66% аяқталғандықтан, олар белсенді түрде бидайды сатып ала бастады. Сол себепті Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай экспортын шектеуді жоспарлап отырған жоқ. Себебі бізде өнім былтырғыдан кем емес. Сондықтан экспорттық әлеуетті сақтап қаламыз. Нарықтарды атар болсақ, олар: Орталық Азия – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, одан бөлек Ауғанстан, Иран. Жалпы 40 мемлекетке биыл бидай экспортталады. Нақтырақ айтқанда, маркетингілік айлар ішінде (2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың шілдесі аралығы) осы жылы 8 млн тоннаға жуық бидай сатылады», – деді Айдарбек Сапаров.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.