16-09-20 |
2270 рет қаралған
Алаштанушы “Ақ жол” партиясын таңдады.
Алаштанушы “Ақ жол” партиясын таңдады

Белгілі алаштанушы, Еуразия университеті жанындағы “Алаш” институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлы Жүсіп “Ақ жол” демократиялық партиясының құрамына өтті. Фракцияның отырысында оның арызы бірауыздан мақұлданып, партия қатарына қабылданды. Бұл жайында «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев telegram каналында жазды. «Сұлтан Хан Аққұлы – белгілі ғалым, демократиялық ұстанымдары мен өткір мақалаларымен танымал азамат. Ол он жылдан астам Прагада еуропалық “Азаттық” радиосында қызмет еткен, Әлихан Бөкейхан еңбектерінің 15-томдық жинағының авторы. Оның өтініші фракцияның отырысында дауысқа салынды. С.А. Жүсіптің арызы бірауыздан мақұлданып, партия қатарына қабылданды», – деді Азат Перуашев.
Өз кезегінде Сұлтан Хан Аққұлы да партияға не үшін кіргенін фейсбук парақшасында жазды. «Шыны керек, бұл шешім оңай болған жоқ. Елге оралған 2013 жылдан бері 7 жыл өтті. Əйтсе де «Ақ жол» ДП-сына кіруіме бұл саяси ұйымның өзін қазіргі Қазақ елінің мызғымас іргетасын қалап, шекарасын белгілеп кеткен ХХ ғасыр басындағы «Алаш» партиясының мұрагері деп сөз жүзінде ғана емес, жетекшісі, «Алаш» қайраткері Перуаш Кəрімұлының немересі Азат Перуашев бастаған партияның «Алаш» идеясын, қозғалысын, партиясын, атаулас Ұлттық Жерлі Автономиясын жəне «Алаш» қайраткерлерін тиянақты іс-əрекетімен, қазақша-орысша мақала-жарияланымдарымен, ұлттық, халықаралық ғылыми байқауларымен, ғылыми конференцияларымен мүмкіндігінше шар тарапқа насихаттап келе жатқан игі ісі түрткі болды. Бүгін «Алаш» тақырыбын «Ақ жол»-дан артық насихаттаған партия бар ма?! Ал исі қазаққа «Алаш»-тан асқан идея табыла ма!?» – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.