18-09-20 |
2250 рет қаралған
Басшы мен есепшінің ісі сотқа түсті.
Басшы мен есепшінің ісі сотқа түсті

Атырауда қызметін асыра пайдаланған әйелдер колониясының лауазымды қызметкерлеріне қатысты сот процесі басталды. №2 қалалық сотының мәлімдеуінше, УГ-157/11 түзеу мекемесінің бұрынғы бастығы Нұрзада Сағынғалиева ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша, ал, бас есепші Мәдина Бименова осы қылмысқа көмектесті деп айыпталуда.
Естеріңізге сала кетейік, екі әйелді биыл ҰҚКД қызметкерлері ұстаған болатын. Сотқа дейінгі тергеу әуелі «Пара алу» бабы бойынша жүргізіліп, кейін 362-ші бапқа ауыстырылды. Айыптау нұсқасы бойынша, сотталушылар былтыр үш рет өз қарамағындағыларға сыйақы және көтермелеу төлемдерін тағайындап, ақшаның бір бөлігін өздеріне алып отырған. Мемлекеттен жымқырылған қаражаттың көлемі 3 миллион теңгені құраған.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.