22-09-20 |
1830 рет қаралған
Марғұлан Сейсембай Украинаға қызмет ететін болды.
Марғұлан Сейсембай Украинаға қызмет ететін болды

Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай өзінің facebook-тегі парақшасында біраз уақытқа Украинада қалып жұмыс істейтінін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, ол мұнда Украина ұлттық реформалар кеңесі атқару комитетінің басшысы Михаил Саакашвилимен бірлесіп реформаларды ендіру процесі мен заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Марғұлан Сейсембай постында былай деді: «Бүгін Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездестім. Онымен жəне оның командасымен бір сағаттай əңгімелестік. Мен оны реформаларды ендіру процесі мен заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарыммен таныстырдым. Оған бəрі қатты ұнады. Президент айтқандарымның бəрі қажет, əрі маңызды екенін алға тартты да, мұның барлығы «кешеден» бері керек болғанын айтты. Тездетуді сұрады. Мен жұмысқа дереу кірісуге уəде еттім. Сол себепті алдағы уақытта Қазақстаныма орала алмаймын. Осы жерде ұзақ уақытқа қалып қоятынымды сезіп тұрмын. Жұмыс көп, қызық əрі біраз тер төгуді қажет ететін жұмыс. Зеленский маған адам ретінде қатты ұнады. Ашық, тартымды, сыпайы екен. Адамды өте мұқият тыңдайды. Елі үшін жаны қатты ашиды. Ара-арасында Украинадағы өмірімнен жазбаларды жариялап отыратын боламын. Қазір көптеген тұрмыстық шаруаларды шешіп, жұмысты жоспарлап, команда жинау керек.
P.S. Жазылмандарым мен достарымнан жұмысымды саясиландырмауды сұраймын, былай да бот фермалары мен аноним телеграм-каналдар қозып жатыр. Мен мұнда Украинаға жəрдемдесем.Түрлі-түсті революцияларды экспорттау, оппозициялық əрекет туралы сөз болып отырған жоқ. Мен бұл жерде сүйікті ісім – процестердің тиімділігін арттырумен айналысудамын. Бұл мен үшін кəсіби сынақ. Бизнесте мұны талай рет ендірдім, енді мемлекеттік аппараттың жұмысына ендіргім келеді»

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.