Түркістан қаласында «Ауыл» партиясының «Ел аманаты» Жалпыұлттық сауалнама жүргізу бойынша республикалық штабы ашылды. Аталған штаб халық арасында «есіктен есікке дейін» қағидатымен сауалнама толтыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп, дәстүрлі сауалнама жүргізу бойынша еліміздің барлық өңірлеріндегі волонтер топтардың жұмысын үйлестіретін болады. Республикалық штабта сондай-ақ, респонденттер толтырған сауалнамаларға мониторинг жасауды жүзеге асырмақ. «Ел аманаты» еріктілері интернетке қосылмаған шалғай ауылдарды да аралап, халықтың мұң-мұқтажын сауалнамаға қосады. Айта кетейік, бұған дейін «Ауыл» партиясы «Ел аманаты» Жалпыұлттық сауалнама жүргізуді қолға алып, 18 жастан асқан белсенді азаматтардан қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды жинақтау және оларды шешу жолдарын айқындауды мақсат еткен болатын. Сауалнама 23 қыркүйектен бері WhatsApp және Telegram қосымшалары мен Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы цифрлық түрде жүргізіліп, оған үш мыңнан аса адам жауап берген. Онда ауыл тұрғындары тарапынан жер, ауыз су мен әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдар мен ұсыныстар көптеп түскен. «Бұл штабқа республикадан, өңір-өңірден ақпараттар келіп түседі. Ақпараттарды қабылдап, қортындылап, осы жерден сараптамасын Астанаға орталық аппаратқа жіберіп отырамыз. Электронды сауалнамадан бөлек, біз дәстүрлі сауалнама жүргізбекшіміз. Өйткені кейбір тұрғындардың қолында смартфондары жоқ, телефондары жоқ. Сондықтан «Ел аманаты» акциясының сауалнамасын дәстүрлі түрде жүргізуді қолға алып отырмыз», – дейді «Ел аманаты» Жалпыұлттық сауалнамасын жүргізу бойынша Республикалық штабының жетекшісі Асылхан Батыршаев.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024