Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жылқылардың қырылу себебі анықталды. Ауырып тұрған малдардың тезегі мен арам өлген жануарлардың ішкі органдарын зерттеу барысында гастрофилез дерті расталды. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, ауданда нақты саны 29 бас мал ғана өлген. Бұл паразиттік ауру болғандықтан заң бойынша ветеринариялық іс-шараны мал иесі өз қаражатына жүргізеді.
«Жылқы гастрофилезі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығымен бекітілген «Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың аса қауіпті ауруларының» тізбесіне енгізілмегендіктен мал иелеріне өтемақы қарастырылмайды», – деді ветеринария басқармасының өкілдері.
Гастрофилез бөгелек құртынан пайда болғандықтан алдын алу шаралары жүргізілмесе жылқы ағзасындағы құрттар өсіп өлімге әкеп соғады.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024