05-10-20 |
1850 рет қаралған
Үш баласы мен әйелін ұрған күдікті ұсталды.
Үш баласы мен әйелін ұрған күдікті ұсталды

Түркістан облысының полиция департаменті үш баласы мен әйелін ұрған күдіктіні ұстады. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін журналист Жазира Бегалы Facebook желісіндегі парақшасында жан түршігерлік видео жариялаған болатын. Бейнежазбада белгісіз ер адамның баланы аямай ұрып-соғып, балағаттағанын көруге болады.
«Тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны анықталды. Бұл фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 110-бабына сәйкес іс қозғалды. Күдікті азамат заңды түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар, аудандық учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр», – деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.