Қазақстан билігі Қырғызстандағы қазақ инвесторларына тиесілі кәсіпорындарына жасалған шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне алаңдап отыр. Осыған байланысты сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Онда:
«Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреміз.
Кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлеріне күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер көрсету фактілері ерекше алаңдатады.
Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.
Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз» делінген.
5 қазаннан бастап Қырғыз елінде бұлғақ жүріп жатыр. Парламент сайлауының алдын ала қортындыларына қарсы митингіге шығушылар Ақ үйді басып алды. Президет Сауранбай Жиенбековтың қайда кеткені белгісіз. Түрлі партиялар арасында билікке талас жүріп жатыр. Сотталған бірнеше саяси адамдар түрмеден шықты. Қазіргі кезде Қырғыз елін заңсыздық билеп тұр.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024