15-10-20 |
980 рет қаралған
АҚДМ мен Медиа Альянс ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады.
АҚДМ мен Медиа Альянс ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандық Медиа Альянстың төрағасы Арманжан Байтасовпен кездесті.
Кездесу барысында Аида Балаева мен Арманжан Байтасов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстандық Медиа Альянс арасындағы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аида Балаева пандемия кезеңінде коммерциялық БАҚ-ты қолдау үшін Министрлік қабылдаған шаралар, ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін және адами капиталдың сапасын арттыру бойынша жоспарлар туралы айтты.
Екі жақ саланың өзекті мәселелері, оның ішінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, журналистердің дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы пікір алмасты.
Меморандум шеңберінде тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары айқындалды: ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды бірлесіп талқылау; медиа саласы мамандарын даярлау, қайта даярлау, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру мәселелері; журналистердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдесу.
Меморандум саланың өзекті мәселелерін шешуде үкіметтік емес сектордың рөлін арттыруға мүмкіндік береді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.