22-10-20 |
960 рет қаралған
Қаражаты күрт азайған ұлттық қорға қауіп төніп тұр.
Қаражаты күрт азайған ұлттық қорға қауіп төніп тұр

Биыл ұлттық қордың активі 26,6 трлн. теңгеге азайып, ішкі жалпы өнімнің 30% төменгі шектік деңгейіне жетіп қалды. Елдің табиғи байлықтарынан түсетін табысты үнемді пайдаланбау болашақ ұрпақтың игілігі үшін сақталған қаражаттың көлемін күрт азайтып жіберді. Бұл жайында Мәжілістің пленарлық отырысында депутат, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Дания Еспаева мәлімдеді.

Ол «2021-2023 жылдардағы ҚР Ұлттық қорындағы кепілді трансферт жөніндегі» заң жобасы аясында бұл салаға қатаң регламенттеу принциптерін енгізу керек деп санайды. Халық қалаулысы трансферттерді тек әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, экономикалық өсім әкелетін ұзақ мерзімді қаржылық жобаларға ғана жұмсау қажет дейді. Ал, оның жүзеге асырылуына ашық мониторинг жүргізіп, лауазымды тұлғалардың жұмысына бақылау жасау керек. «Ақ жол» партиясы сонымен бірге ұлттық қордан салиқалы және базалық зейнетақы үшін қаражат бөлуді қолдап отыр.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.