27-10-20 |
1370 рет қаралған
Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Боратты пайдаланып, туризмді дамытпақ.
Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Боратты пайдаланып, туризмді дамытпақ

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Боратты пайдаланып, туризмді дамыту үшін Америкалық Тhe New York Times басылымы 26 қазанда Very Niсe жарнамалық кампаниясына қатысты Қазақстан туралы «Kazahstan, Reserving Itself, Emraces Borat as Very Nice» атты материал жариялады. Оны Kazakh Tourism ұлттық компаниясы ұйымдастырған екен.

«Жарнамалық кампанияның тұжырымдамасы мен стратегиясы шетелдік саяхатшылардың назарын аудару үшін Саша Барон Коэннің Қазақстандағы ойдан шығарылған журналист Борат Сағдиевтің қатысуымен түсірілген екінші фильмінің резонанстық көрсетілімін пайдалану болып отыр. Науқанның ұраны ретінде Бораттың «Very Nice!» деген әйгілі тіркесі алынған, осылайша, фильмнің танымал премьерасы еліміздің туризмі пайдасына шешіле бастады» деп хабарлайды ұлттық компания.

New York Times газетінде жарияланған материалдың авторы Джоэль Стейн идеяның тереңдігін және Борат пен ел басшылығының қиын қарым-қатынасына деген жаңа көзқарасты бағалады. Сондай-ақ ол өзінің материалында Барон Коэн Қазақстан өзінің фильмінің танымалдылығына деген көзқарасын қалай өзгерткенін және оны өз фильмінің жарнамасын асыруға пайдаланғанын атап өткен.

Вирустық ролик идеясының авторы – Қазақстанда тұратын америкалық азамат Деннис Кин. Ол этнограф және ел ішінде жиі саяхаттайды. Сондықтан ол Қазақстанның табиғаты мен туризмі туралы жарнамалық ролик түсіруді ұйғарған.

Kazakh Tourism баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнеролик The New York Times сайтына шыққаннан кейін ондаған онлайн-басылым жарияланымды қайта басып шығарған, ролик вирустық сипатқа ие болды. Олардың ішінде: Huffington Post, The Guardian, Insider.com, Forbes.com, Yahoo.com, Cnet.com, avclub.com, IGN.com, Brobible.com, Entertainment Weekly, The Week, Unilad.co.uk, Stuff.co.nz және басқа да көптеген басылым бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.