28-10-20 |
2610 рет қаралған
Баталов жер былығын реттей алмай отыр.
Баталов жер былығын реттей алмай отыр

Алматы облысының әкімі Аманбек Баталовтың жер саласындағы былықпен күресуге қауқары жетпей жатыр. Сондықтан шенеунік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен көмек сұрап отыр. «Еститін мемлекет» саясатының жүзеге асырылуына байланысты есеп берген өңір басшысы бүгін осылай деп мәлімдеді. «Мен 2014 жылдан облыс әкімі болып тағайындалғаннан бері жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтармен күресіп келемін. Жаңа фактілер жайлы күнде естимін. Бұл үлкен проблемаға айналды. Су қорғау аймағына, жолдың жанына құрылыс жүргізіп бас жоспарды бұзады. Алматы әуежайының жанына құлаған ұшақты алайық. Ол жерлер де нысаналы мақсаты өзгертіліп заңсыз бөлінген», – дейді Аманбек Баталов.
Алматы облысының әкімдігі мониторинг жүргізіп, Талғар, Қарасай және Іле аудандарында заң бұзушылықтың 400-ге жуық фактісін анықтаған. Ал, Талғар ауданы әкімінің орынбасары мен сәулетшісін бұл саладағы былықтары үшін басқа қызметке ауыстырыпты. Аймақ басшысы ең шұрайлы жерлер жеке қолға өтіп кеткендіктен инвесторларға орын таба алмай отырғанын жасырмады. «Қазіргі уақытта америкалық инвесторлар жем-шөп базасы үшін 5000 гектар жер сұрап отыр. Ол бізде жоқ. Мал шаруашылығын дамытқысы келетін азаматтар бар. Олар үшін Ақсу ауданыннан бір гектар да табылмады. Кәсіпкерлер ақшасын салып, өңірдің экономикасын дамытқысы келеді», – деді Баталов.
Алматы облысы қазір жер заңдылығын бұзу фактілері ең көп анықталған аймақтардың тобын бастап тұр. Бұл мәліметтерді жуықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жариялаған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.