04-11-20 |
1560 рет қаралған
Өтірігі әшкере болған әйел халықтан жиналған қаражатты мұқтаж жанға табыс етті.
Өтірігі әшкере болған әйел халықтан жиналған қаражатты мұқтаж жанға табыс етті

Оңтүстік Кореяда «қайтыс болған» қызының мүрдесін әкелем деп қазақстандықтардан ақша жинаған Қостанай тұрғынының өтірігі әшкере болды. Жұрттың сеніміне кіріп 970 мың теңге жинап үлгерген әйелдің заңсыз әркетіне LIDER.KZ қозғалысының волонтерлері тосқауыл болды. Бұл туралы «Костанайские новости» басылымы жазды.
28 қазанда Мәдина Айдан есімді азаматша қызы Инабат Мухиттың денесін Сеулден алып кету үшін қаржылай көмекке зәру екенін жазған. Ол шетелдік емханаға берешек болғанын және денені Қазақстанға тасымалдауға ақшаның жоқтығын айтып халықтан көмек сұраған. Қаржы жинауға өз телефон нөмірі мен картасын қолданыпты. Ең сорақысы ол елден ақша жинау үшін ауыр дертке шалдыққан басқа баланың – Камила Реброваның фотосын пайдаланған екен. Ал, Мәдина Айданның Инабат есімді қызы мен қалған 3 баласы аман-есен болып шықты. Өтірігі әшкере болған әйел халықтан кешірім сұрап, 970 мың теңгені аққан ауруына шалдыққан Камила Реброваның отбасына табыс етті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.