05-11-20 |
1850 рет қаралған
Бекшин өзі жариялаған ережені өзі бұзған ба?.
Бекшин өзі жариялаған ережені өзі бұзған ба?

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Ритц-Карлтон қонақ үйінде 150 адамға банкет өткізуге рұқсат берді. Қаладағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаулысын журналист, тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы инстаграмдағы парақшасыда жариялады. Құжатта ведомство санитарлық талаптарды толығымен сақтаған «Капитал Тауэр Девелопмент» ЖШС-не қонақ үйде саны 150-ден аспайтын адамға шара өткізуге келісімін береді делінген. «Өткенде марқұм құдашамыздың қырық күндігі болды. Қаладағы орташа кафелердің біріне 20 адам шақыруға ғана рұқсат алыпты. Иә, карантин талаптарын сақтау керек. Келісеміз. Бағынамыз. 20 адам жиналып, құран бағыштадық. Ал енді мына құжатқа қараңыз», – деді Сәуле Әбілдаханқызы. Қоғам белсендісі Есентай Молдың ең қымбат мейрамханасында өтетін банкетке министрлер, депутаттар, әкім-қаралар мен бай-бағландардың ғана баратынын айтады. «Шетелден вирусты тасып әкелген кімдер? Байлар. Карантин жарияланса да ұшаққа тыным бермей, сыған құсап шұбырып, шет ел асып, барып-келіп жүргендер, карантинге жатпағандар кімдер? Сол байлар, әкім-қаралар.
Карантинді артына да қыстырмай, тағы да той-томалағын қалағанша өткізіп, жүздеген адамды маскасыз бір ортаға жинап, ауруды асқындырып отырғандар кімдер?
Тағы да сол байшыкештер», – деп жазды журналист. Сәуле Әбілдаханқызы инстаграмдағы постын «Бекшин мырза! Әйгілі мейрамханаға той өткізуге рұқсат беру үшін қандай негізде келістіңіздер? 150 адамға беймарал той өткізе беруге қандай шарттарыңызды орындады?», – деп түйіндеді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.