Азат Перуашев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа араша түсіп, күдіктіні үйқамаққа шығаруға өтініш білдірді. «Ақ жол» партиясының төрағасы Нұр-Сұлтан қаласының сотына өз атынан кепілгерлік хат жолдады.
«Мен дәрігерлер әулетінен шыққан, мемлекеттік салада ұзақ жыл басшы болған, абыройы биік Біртанов Е.А. жақсы танимын, ол мемлекет алдындағы еңбегі үшін орден және медалдармен марапатталған бес баланың қамқор әкесі, үш баласы әлі кішкентай. Біртанов медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі, 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы, «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Құрмет» орденімен марапатталған. Біртанов Е.А. жұбайымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге «Нұр-Сұлтан» қаласында тұрады. Мен Елжан Амантайұлы Біртановқа кепілгер боламын және күдіктінің жүріс-тұрысы, қылмыстық істі жүргізіп жатқан органның шақыртуы бойынша келіп тұруына кепілдік білдіремін. Оған тағылған күдіктің мәні түсіндірілді, егер Біртанов Е.А. қандай да бір әрекет жасайтын болса маған ақшалай жаза қолданылатыны ескертілді», – деді Перуашев.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024