11-11-20 |
1990 рет қаралған
Қайтарылмайтын несие банкирлерді байытып, банктерді құртып жатыр.
Қайтарылмайтын несие банкирлерді байытып, банктерді құртып жатыр

Қазақстанда тағы бір банктің басшылығы іші көлемде ақша ұрлауға байланысты күдікке ілінді. @RiskTakersKZ тelegram-каналы «TengriBank» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бахтияр Ілиясов пен осы банктің Алматыдағы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықовтың ұсталғаны жайында хабарлады. Интернеттегі ашық дерекөздерге сәйкес оларға 8 миллиард теңге жымқырды деген күдік тағылған.
«Ұрлаудың мұндай түрі әдеттегі тәжірибеге айналды. БТА банк, RBK Bank, Delta Bank, Astana Bank, Эксим банк, Qazaq Banki және басқаларының ісін бақылап отырып осы фактілерге көз жеткіздік. Бұл банктердің дефолтқа ұшырауының басты себебі – қазір банкирлер сақтап қалуға тырысып жүрген байланысы бар тараптарды несиелендіру. Олар көптеген «дөңгелек үстел» жиындарында байланысы бар тараптарды несиелендіру банк секторының проблемасы емес дегенді жиі айтады», – дейді @RiskTakersKZ тelegram-каналының авторлары.
Бұл проблемаға байланысты желі пайдаланушылары өз пікірлерін жазуда. Қоғам белсенділерінің айтуынша, ҚР Ұлттық банкі банк саласының мүддесін қорғап қана қоймай, оның ақшаны емін-еркін қымқыруына жағдай жасайды. @RiskTakersKZ. пайымдауынша, еліміздің қаржы реттегіші екінші деңгейдегі банктерге қысым жасай алмайды, шектеу қоятын болса кері әрекеттерге тап болады. Ал, банк секторының қайтарылмайтынын біле тұра несие беріп, ақша жымқыруы бұл саладағы этиканың төменгі стандарттары мен корпоративтік басқарудың жетіспеушілігін білдіреді.

Фото @yyedilov

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.