ҚР ҰҚК Шекара академиясының Қараой елдімекенінің маңында орналасқан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының далалық оқуды қамтамасыз ету басқармасының шекарашылары Қараой ауылындағы үйден шыққан өртті сөндіру үшін дер кезінде қол ұшын созып көмек берді.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі майор Назым Исамдиновтың айтуынша, басқарманың кезекші бөліміне өрт шыққаны туралы хабарлама 2020 жылғы 5-қараша, бейсенбі күні түнгі сағат 03.25-те түскен екен.
Тілсіз жауды ауыздықтау үшін Алматы облысы Іле ауданының өрт сөндіру жасағы оқиға орнына дер кезінде жетіп қызыл жалын шарпыған тұрғын үйді сөндіре бастаған. Алайда, аумағы 100 шаршы метрден астам жер үйді сөндіру оңайға соқпаған болуы керек өрт сөндірушілердің суы таусылып қалып сол маңдағы әскери бөлімге қоңырау шалып көмек сұраған. Оқиға орнына бірден аттанған құрамында аға сержант Равиль Ахметов пен кіші сержант Дәулет Иманов бар қырағы шекарашылар сол ауылдың Әбішев көшесіндегі №39 үйге дереу жетіп, өрт сөндіру жасағына көмектескен. Әйтсе де, шекарашылар алып барған су да таусылып қайтадан үш мәрте әкелуге тура келген. Бас-аяғы 10 тоннадай су жеткізген әріптестеріміз тұрғын үйді толықтай сөндіруге көмектескен екен.
Абырой болғанда, адам шығыны мен жақын орналасқан үйлерді жалын шарпыған жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі, тозығы жеткен тоңазытқыштан өрт шыққан көрінеді.
№39 үйдің тұрғындарымен көршілері дер кезінде көлік толы суды жеткізген шекарашыларды ҚР ҰҚК Шекара академиясының басшылығына алғыс хат жазып, кез-келген сәтте адамдарға көмек көрсетуге дайын тұратын ұжымға өздерінің шексіз ризашылықтарын білдірген.
Жанат Жабырбеков,
ҚР ҰҚК Шекара академиясының
баспасөз хатшысы
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024