20-09-18 |
4390 рет қаралған
Жинақ салымдары бойынша жаңа сыйақы мөлшерлемесі бекітілді.
Жинақ салымдары бойынша жаңа сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Қазақстанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді және жинақ салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бекітілді, деп жазады Ұлттық Банктің ресми сайты.

Үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша шарттар өзгереді. Енді жеке тұлғалардың салымдары мерзімді, мерзімсіз және жинақ болып жіктеледі.

Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері салымның түрі мен мерзіміне, мерзімінен бұрын алу құқығы мен толықтыру құқығына байланысты сараланатын болады. Осыған байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жаңа ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелерін бекітті деп хабарлайды Ұлттық Банк:ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бекітілді

12 айға теңгелік стандартты салымның сыйақы мөлшерлемесі – 12%, ал салымның қосымша опциясы бар депозит мөлшерлемені 11%-ға дейін төмендетеді.
Егер бұрын салымшылар табысы 12,00%-дан жоғары болмаса, енді банктік салым шартының талаптарына сәйкес, 12 және 24 айдан асатын жинақ салымдар бойынша 13,00% – 13,50% дейін сыйақы ала алады. Салымды ұлттық валютамен және тиісінше ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемені таңдағанда, салымшы инфляция кезінде 7,5% -ға дейін, 6,00% нақты кірісті қамтамасыз етеді.

Шетел валютасындағы салымдар бойынша сыйақы
мөлшерлемесі салымның мерзіміне қарамастан 1%
деңгейінде қалып отыр.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.