22-09-18 |
23880 рет қаралған
Қытай компаниясына жалға берілген жерге қытайлық агрономдар химиялық қоспа сепкен.
Қытай компаниясына жалға берілген жерге қытайлық агрономдар химиялық қоспа сепкен

Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданында 15 гектарға жуық жерге қытай агрономдары пестицид сепкен. Бұл туралы «Евразия 1-каналына» сілтеме жасап, zakon.kz жазады.

ШҚО Бесқарағай ауданының картасы, фото - oskemen.info
ШҚО Бесқарағай ауданының картасы, фото – oskemen.info

Трефлан немесе трифлуралин 480 Қазақстанда тіркелмеген әрі қолдануға тыйым салынған дәрі-дәрмек қатарына жатады екен. Ал қытайлар мұндай дәрінің 97 бөшкесін контробандалық жолмен алып келіп, қолданған да кейін айыппұл төлеген. Бұл жағдайда қатысты Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Болат Куанышбеков: ««Long Xin» фирмасы бізге трефлан дәрісін ауылшаруашылығы саласында пайдалануға бола ма деп қайырылған. Ол дәрінің құрамында аминно-функциональ топ жоқ болғандықтан қолдануға рұқсаттың қажеті жоқтығын айтқанбыз. Сондай-ақ, өтініш иесіне дәрі-дәрмек мемлекеттік тіркеуден өтуі керектігі де айтылған» депті. Алайда, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының аумақтық инспекция басшысы Айбек Кәрімов қытайдан әкелінген дәрі-дәрмектің анықталғанын айтқан.

– Қарабас ауылының аумағында «Long Xin» фирмасы пестицид қолданды деген хабарлама келіп түсті. Инспекция тосын тексеріс жасады. Шынында да қытайдан әкелінген дәрі-дәрмек табылды, – дейді Айбек Кәрімов.

Айтпақшы, шетелдік соның ішінде қытайлық компания ауылшарушылық жері қалайша жалға беріліп кеткені әзірше белгісіз. Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі болған, қоғам қайраткері, экономист Мұхтар Тайжан facebook парақшасында осы мәселені жаза келіп «Мұнымен бас прокуратура айналысуы тиіс. Кінәлі әкімді қылмыстық жауапкершілікке тартып, жерді мемлекетке қайтару керек» дейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.