07-12-20 |
1270 рет қаралған
Әлеуметтік желідегі әкімдер: Тоқаевтың тапсырмасын құлағына қыстырмағандар….
Әлеуметтік желідегі әкімдер: Тоқаевтың тапсырмасын құлағына қыстырмағандар…

Аймақ және ірі қалалар әкімдерінің әлеуметтік желіде елмен байланысы зерттеуінде Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин елмен байланысы төмен әкім болып шықты. Мұндай зерттеуді PRO КАДРЫ KZ  телеграм каналы жасаған. Олар Facebook, Instagram және Twitter желілеріндегі әкімдердің парақшаларын сүзіп шыққан.

Сонымен, зерттеуге сенсек, жазылушылар саны жағынан Алматы мен Астана қаласы әкімдері қара үзіп шығыпты. Зерттеуде аймақ әкімдерінің парақшаларына жазылушылар саны туралы дерек келтірілген. Ең аз жазылушы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинге тиесілі екен – 1,5 адам.

Аймақ тұрғындары арасында Instagram желісі кең тараған екен, содан болса керек әкімдерге жазылушылардың 80% жуығы аталған желі қолданушылары.
Зерттеу әлеуметтік желіде белсенді әкімдер деп Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті, ШҚО әкімі Даниал Ахметовті, Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевты көрсеткен. Ал алты аймақты әкімдері Instagram-ға тіркелмеген: БҚО әкімі Ғали Исқалиев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Маңғыстау облысының әкімі Серік Тұрымов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Ал Facebook те Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жоқ. Басқа аймақ әкімдері Facebook те тіркелген екен.

Президент Қ.Тоқаев 2019 жылы наурыз айында әкімдерге әлеуметтік желіге тіркеліп, елмен етене араласып, туындаған мәселелерге дер кезінде жауап беріп отыруды тапсырған. Зерттеу көрсеткендей, әлеуметтік желіге тіркелмей тек баспасөз қызметі арқылы ғана бұқарамен байланыс ұстап отырған әкімдер үшін президенттің тапсырмасы соншалықты маңызды емес екені байқалады. Бұдан ол әкімдердің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын қалай жүзеге асырып жатқанын да байқауға болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.