Эдмонтондық антрополог, режиссер Найоби Томсон жылқы тарихы туралы деректі фильм-трилогия түсіріп, қазақ жылқы баптау мәдениетіне ерекше назар аударған. Көрермендердің айтуынша деректі фильмнің Канададағы тұсаукесері үлкен аншлагпен өткен.
Фильмде Ботай мәдениеті, Моңғолиядағы қазақ мал шаруашылығы мен Канададағы үндістердің жылқы шаруашылығы және басқа да қызықты деректер айтылған. Фильм 11 ел, 4 континентте түсірілген.
Деректі фильмнің тұсаукесеріне барған Канадада оқып жатқан Гүлшат Пірәліқызы: «Жерлестері түсіргендіктен бе, әлде жылқыға деген шексіз маxаббаттан ба екен, зал лық толы болып, көрермен сүйсініп қараған фильм болды. Канадтардан мұндай эмоция күтпеппін, режиссерді овациямен қарсы алып, ұзақ құрмет көрсетті. Деректі құр ресми тілмен емес, арасында қалжың да қосып, қызықты түсірген. Қанша деректі фильм көрсем де, мұндай көңілге бірден қонатын алғаш фильмім. Канадтар енді Қазақстанды – жылқы Отаны деп білетін болды», -дейді өзінің фейсбук парақшасында.
Сондай-ақ Гүлшат фильм соңында режиссер сұxбат беріп, қазақтардың мал шаруашылығы таң қалдырғаны жөнінде басып айтқанын да жеткізді.
Еске салсақ, деректі фильм түсірілетін кезде былтыр баспасөз мәслихаты өткізіліп, деректі фильм-трилогия туралы біздің елде ақпарат берілген еді. Онда Қазақстандық продюссер Нұрбол Баймаханов: «Қазақстан жылқыны алғаш қолға үйреткен және атбегілік өнердің негізін қалыптастырған ел екені белгілі. Сондай-ақ әлемге әйгілі жеті тілдің (индо-еуропалық) пайда болған мекені, Солтүстік Еуропадан Орталық Шығыс және Үндістанға дейінгі көне генетикалық мәдениеттің отаны. Соңғы жылдары табылған арxеологиялық жәдігерлер жылқыны қолға үйреткен алғашқы адамдар қазақ жерінде өмір сүргенін айқындай түсті», -деп, фильмнің еліміз үшін маңыздылығын жеткізген.
Бұл деректі фильм 50 елге таратылады деп жоспарланып отыр. Деректі фильмді 23 қыркүйекте Канаданың «CBC» арнасы көрсетті:https://www.cbc.ca/natureofthings/episodes/equus-the-story-of-the-horse
Деректі фильмге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қаржылай қолдау көрсеткен. «EQUUS» (жылқы) деректі трилогиясы бес мемлекеттің бірлескен жобасы екен.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024