15-01-21 |
1870 рет қаралған
Ақтау әкімдігі қоқыспен күресе алмай отыр.
Ақтау әкімдігі қоқыспен күресе алмай отыр

Ақтаудағы «Толқын 1», «Толқын 2» шағын аудандарында қоқыс үйіліп қалды. Мәселе тұрғындардың келісімшартқа отырмауы салдарынан болған, деп хабарлайды mangystautv.kz.

Телеарна мәліметінше, әкімшіліктің «Қала жолдары» мекемесі жиналған тұрмыстық қалдықтарды бірнеше рет шығарған. Бірақ әлі күнге қаланың көркін кетірген қоқыс мәселесі шешілмей тұр.

«Мәселе – коттеджді қалашықта. Негізгі орталық көше. Енді шара қолдану мәселесін қарастырып жатырмыз. Оған арнайы график кесте белгілеуіміз керек. Тиісті құзырлы органдармен келісіледі. Сол кезде нәтиже береді деп ойлаймыз»,-дейді Ақтау қалалық әкімдік өкілі Алпысбай Таубаев.

Қазіргі таңда аталған шағынаудандарға «Евро Сервис Джо» қызмет көрсетуге құлық танытып отыр. Ол үшін тұрғындар мекемемен келісімшартқа отыруы қажет. Компания тарапынан түсіндіру жұмыстарын қазан айынан бастап кеткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.