15-01-21 |
1820 рет қаралған
Елімізде 10 қаланың лауазымды қызметкерлері пара алуға бейім.
Елімізде 10 қаланың лауазымды қызметкерлері пара алуға бейім

Елімізде жемқорлық жайлаған облыстар белгілі болды. Тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде  Жамбыл, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында мәселені шешу үшін пара беруге тура келетіні айтылған. Ол туралы бүгін «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиян айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Шағымдардың  басым бөлігі полицияның, аудан әкімдіктерінің, мемлекеттік ауруханалар мен емханалардың, салық органдары мен жеке сот орындаушыларының жұмыс сапасына көңіл толмағанын білдірген. Өтініш берушілердің пікірінше, әуре-сарсаңға салу, мемлекеттік органдардың өтініш берушілердің мәселелерін қараудағы әрекетсіздігі, қызметкерлердің біліксіздігі себеп болған», – деді «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян.

Сарапшылар қала, облыс және аудан деңгейінде 9 мың респондентке сауалнама жүргізіп, «Ашық диалог» порталына келген 1 347 шағымды талдаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.