26-01-21 |
1930 рет қаралған
«Пәтер қарастырылады»: Талдықорған қаласы әкімдігі құлағалы тұрған үйге қатысты пікір білдірді.
«Пәтер қарастырылады»: Талдықорған қаласы әкімдігі  құлағалы тұрған үйге қатысты пікір білдірді

Алматы облысы орталығы – Талдықорған қаласында  тұрғындар құлағалы тұрған үйде өмір сүріп жатыр. Күрмеулі мәселеге байланысты «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты жуырда ғана «ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ МҮГЕДЕК АНАНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫН КІМ ЕСТИДІ» деп мақала жариялаған болатын.

Дәлірек айтқанда, өңірдегі меншікті тілшіміз Талдықорған қаласы, Шевченко көшесінде орналасқан 8 пәтерлі үйге барып, адам өміріне қауіпті екені сотпен дәлелденген үйде тұратын бірінші топтағы мүгедек Ананың жанайқайын жеткізген.

Осы ретте аталған жайтқа қатысты Талдықорған қаласы әкімдігі ресми жауап берді. Біз биліктік ресурс көзі жолдаған жауапты қаз-қалпында ұсынып отырмыз.

«Сіздердің 2021 жылдың 18 қаңтар күні, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі №133 үй бойынша «Arasha.kz» сайтында жазған ақпаратты қарастырып, (әкімдік ред.) келесіні хабарлайды.

Шевченко көшесі №133 үй 1969 жылы салынған, 8 пәтер бар.  Техникалық және аттестациялық қорытындысы 2015 жылы жасалып апаттық ретінде танылды, негізгі үйдің пайдалану мерзімі 52 жыл», – дейді Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Осылайша, әкімдік қауіпті делінген үйдің 1969 жылы салынғанын еске сала отырып, 52 жыл толғанда, яғни, 2021 жылы пайдалану мерзімі аяқталғанын растаған. Сонымен бірге:

 «ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 32 – бабы 1 – тармағына сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.                Қазіргі таңда тұрғын үйлер бойынша түгендеу жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, аталған үй  тұрғындарына тең бағалы пәтер немесе өтемақы қарастырылатын болады. Аталған сұрақ Талдықорған қаласы әкімдігінің қадағалауында» делінген ресми жауап хатта.

P.S. Бұл – Талдықорған қаласы әкімдігі жеткізген ресми жауап хат. «Arashsa.kz» ақпараттық-құқықтық сайты «Талдықорған қаласы әкімдігінің қадағалауында» делінген түйткілді мәселенің шешімін де назарда ұстайтынын хабарлайды.        

        

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.