26-01-21 |
1630 рет қаралған
Қ.Тоқаев: Білім беру – тәжірибе алаңы емес.
Қ.Тоқаев: Білім беру – тәжірибе алаңы емес

Мемлекет басшысы оқушылардың білім сапасының халықаралық бағалауын сынға алды. Мектептердегі білім сапасының жүйелі түрде нашарлағанын және салаға түбегейлі өзгеріс керектігін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында білім саласына қатысты нақты тапсырмалар берді.

«Бүгінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізу жөнінде ұсыныстар өте көп. Соңғы он жылда 9 пән енгізілген. Білім беру – тәжірибе алаңы емес. Мұның бәрі негізгі пәндерге бөлінген сағаттың қысқаруына әкеп соғады. Соның өзінде елімізде оқыту жүктемесі тым жоғары – 67 сағат. Ал Финиляндия мен Оңтүстік Кореяда оқыту жүктемесі – 39 сағат, АҚШ-та – 55 сағат. Шәкірттерді оқыту мен басқа да дамыту шараларының арасында тепе-теңдік болуы аса маңызды. Әлемдік үдерістерді ескере отырып, математика, тіл меңгеру және информатика секілді пәндерге ерекше басымдық берген жөн», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндері бойынша бірыңғай оқулық әзірлеп, оны енгізу керек.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды тұжырымдамасында 2025 жылға дейін жаңа 800 мектеп салуға уәде берілген. Президент осы жұмысқа шұғыл кірісуді және биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.