29-01-21 |
1880 рет қаралған
Атырауда жаңа босанған ана сәбиін қоқысқа тастады.
Атырауда жаңа босанған ана сәбиін қоқысқа тастады

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында жан түршігерлік оқиға тіркелді. 24 қаңтарда осы ауылдың 35 жастағы тұрғыны жаңа туған сәбиін босана сала қоқыс жәшігіне лақтырып тастады.

Бұл оның бесінші сәбиі болатын. Оның отбасы бар, жолдасы екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр. Ол бұл жүктілігін медицина мамандарынан жасырып келген. Сәбиін өз үйінің әжетханасында босанған.  

Кейін әйелден қан кеткен соң, оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем қызметі шақырылады. Сол кезде мамандар  оның жаңа ғана босанғанын анықтаған. Бірақ, жаңа туған шақалақ үйден табылмайды. Осы себепті медицина қызметкерлері полиция шақырған. Көп кешікпей олар үйден жүз метр қашықтағы қоқыс жәшігінен өлі сәбидің денесін табады.

Мамандар сәби қарап шығып, оның толыққанды жаратылғанын және биологиялық жағынан дамығанын айтты. 

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. 

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.