30-01-21 |
1670 рет қаралған
Қоғам белсендісі: Ермахан билікке қарсы митингке қатысады.
Қоғам белсендісі: Ермахан билікке қарсы митингке қатысады

Қазақстандық саясаткер тағы да митинг болатынын хабарлады. Азаматхан Әміртай билікке қарсы ұйымдастырылатын келесі митингте Ермахан Ибраимовтың қатысатынын және бұл жолы билікке қарсы көзқараста болатынын жеткізді, деп хабарайды Arasha.kz.

«Біз тағы да митинг өткіземіз. Ермахан мырзаны шақырамыз. Билікке қарсы митингке қатыс дейміз, ол қатысады. «Nur Otan»-нан шығады, не үшін ол жақта отырады? Ол еркін адам ғой. Бұл жерде бір жақты болуға болмайды. Мұның бәрі технология. Халықтың ойын басқа жаққа аудару.  Биліктің күнәсін бір кісіге жағуға болмайды. Бірінші билікте отырған адамдар кінәлі. Ермахан ағамыз мемлекетіміздің, халықтың ұлы. Олимпиада жалауымызды, мемлекетті көтерген адамның бірі. Біз ондай спортшыларымызды әр уақытта қорғаймыз. Мемлекет беделін іспен көрсеткен адамдар»,- дейді Азаматхан Әміртай.

«Жаңа көзқарас» бағдарламасы на қонаққа келген саясаткер бұрын «Байтақ болашақ» ұйымында мүше болған Ермахан Ибраимовтың 10 қаңтардағы митингке шығуына қатысты да пікір білдірді.

«Саясат деген деген сондай нәрсе, сырттан қарасаң басқаша көрінеді, ішкі дүниесі басқа. Бұл жерде бір қойылым болды. Өзім сол митингке бардым. Назарбаев көшесі жағынан да Мира жағынан да полиция жібермей қойды. Ана жерге адамдардың қалай кіріп кетіп, микрофон алып сөйлеп жатқандарын түсінбедім. Бір қойылым болды. Ол жерде айқайлап жатқан адамдар да, оларға келгендер де бәрі қойылым. Сол жаққа «допуск» арқылы өтті.

Қасымда Балташ Тұрсынбаев,  Еркін Рақышев секілді белсенді азаматтар болды. Біз кіре алмадық. Одан кейін ескі алаңға бардық. Ол жерді де толық қоршап алған екен. Жан-жағынан кіріп көрдік. Ондай жерге бару – менің азаматтық борышым. Ермахан ағамыздыкі, тағы басқа азаматтардыкі белгілі бір қойылым болды. Қойылым жасады. Өзім Ермахан  мырзаны құрметтеймін. Ол біздің ағаш отырғызу акцияларымыздың бәріне қатысты. Ермахан Ибраимовтың қолдауымен Алматы, Астана қаласында 5 мыңдай ағаш отырғыздық. Біз ол кісілерді әр уақытта қолдаймыз, қорғаймыз»,-дейді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.