02-02-21 |
1170 рет қаралған
Қазақстанда тағы бірнеше оқу орны жабылады.
Қазақстанда тағы бірнеше оқу орны жабылады

Елімізде алдағы уақытта жоғары білім сапасын арттыру үшін педагогтарды, дәрігерлерді, заңгерлер мен сәулетшілерді даярлайтын университеттерге ерекше біліктілік талаптары енгізіледі, деп хабарайды Arasha.kz.

Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Жоғары білім беруде кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлініп, кәсіптік бағдарлау жұмысы күшейтіледі. Кәсіптік стандарттар мен атлас негізінде жаңа бағдарламаларды әзірлеп енгіземіз. Бұған қоса академиялық адалдықты бұзғаны және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін лицензиядан айыруға дейінгі жауапкершілікті нормативтік-құқықтарға бекітуге дайындадық.Сондай-ақ мемлекеттік бақылау жөніндегі заңнамаға лицензиялау және тексеру тәртібін өзгерту, лицензияларды қайтарып алу рәсімі бойынша нормаларға өзгерістер енгіземіз. Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын ары қарай жалғастырамыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр Қазақстан колледждеріне академиялық дербестік берілетінін жеткізді.

«Колледждерге академиялық дербестік беріледі. Аталған шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге мүмкіндік беріп, оқыту мерзімдерін қысқартып, білім сапасын арттырады, еңбек нарығына жылдам шығаруды қамтамасыз етеді. Осы университеттерді дамыту үшін нысаналы қаржы бөліп, жаңа зертханалар мен білім бағдарламалары ашылып, білім беру сапасын көтереміз», – деді министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.