04-02-21 |
1780 рет қаралған
Қазақстанның үш облысы «қызыл» аймақта.
Қазақстанның үш облысы «қызыл» аймақта

Өткен тәулікте Қазақстанда 1280 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Павлодар облысы, Ақмола облысы және Нұр-Сұлтан қалаларында індет жұқтырғандар саны азаймай тұр, деп хабарлайды Arasha.kz.

4 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 27 886 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 5 799 пациент стационарда, 22 087 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Дәрігерлер мәліметінше, 259 адамның жағдайы ауыр, 57 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Ал 53 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Өңірлер бойынша мәлімет:

Павлодар облысы – 230

Ақмола облысы – 168

Нұр-Сұлтан қаласы – 153

Алматы қаласы – 111

Батыс Қазақстан облысы – 109

Қостанай облысы – 85

Қарағанды ​​облысы – 80

Алматы облысы – 70

Солтүстік Қазақстан облысы – 70

Атырау облысы – 58

Шығыс Қазақстан облысы – 63

Түркістан облысы – 23

Ақтөбе облысы – 18

Маңғыстау облысы – 16

Жамбыл облысы – 10

Шымкент қаласы – 9

Қызылорда облысы – 7

Жалпы республика бойынша 191 639 науқас анықталды.

3 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес:  

«Қызыл» аймақта – Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды ​​облыстары.

«Жасыл» аймақта – қалған өңірлер.   

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.