Алматыда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлерінің қатысуымен Digital Almaty форумы өтуде, деп хабарлайды Arasha.kz.
Форумды Тоқаевтың видео үндеуімен ашты.
«Қазіргі жағдайда электронды үкімет қызметі мен қашықтан білім беру жүйесі айтарлықтай маңызға ие болып отыр. Мәселен Қазақстанда 90% мемлекеттік қызмет онлайн форматқа ауысты. Болашақ технология мен инновацияның қолында екенін барлығымыз жақсы білеміз. 2021 жылы жасанды интеллектті дамытуға бағытталған техникалық және бағдарламалық шешімдер нарығының үлесі 35%-ға өсіп, 12 миллиард долларды құрамақ» – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев цифровизация үшін алдағы бес жылда 500 миллиард теңге тартылатынын айтты.
«Біздің атқарып жатқан жұмысымыздың тиімділігі ұлттық ақпараттық жүйеге тәуелді. Біздің одақтың аясында интеграциялық үдерістерді әлі де жетілдіру керек. Бүгін осыған байланысты ұтымды шешімдер мен идеялар ұсынылатына сенімдімін», – деді Тоқаев.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024