Көкшетауда 24 жастағы жігіт өзінің интимдік фотоларын әлеуметтік желіге жариялаумен айналысып келген.
Полиция қылмыстық кодекстің 311-бабы «порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Ақмола облысының полиция департаменті интернетте порнографиялық фотолардың таралуын болдырмау үшін Anti-fraud жедел алдын алу шараларын өткізген.
«10 ақпанда «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында Көкшетау аумағында порнографиялық сипаттағы фотосуреттерді жарнамалаумен және таратумен айналысатын парақша ашылды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер өз кінәсін мойындаған 24 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ол өзінің жеке интимдік фотосуреттерін орналастырған және осылайша қыздардың назарын аударғысы келген», – делінген хабарламада.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024