15-02-21 |
1890 рет қаралған
Қызды қорлатқан жоқ.
Қызды қорлатқан жоқ

Шымкентте әскери қызметкер қыз зорламақ болған екі адамды ұстап алды.

13 ақпанда 6506 әскери бөлімінің сарбазы қызды зорлықтан құтқарып қалды. Ұлттық ұланның хабарлауынша, Артем Калашников қыздың көмек сұраған дауысын естіген. Ұзақ ойланбастан әскери қызметкер қыздың дауысы шыққан жерге жүгіреді. Онда қызды зорламақ болған екі ер адамға тап болды.

Күдіктілерді ұстау кезінде сарбаз қолын жарақаттады, соған қарамастан полиция келгенге дейін күдіктіні ұстап тұрған.

Ұсталғаннан кейін оқиға орнына полиция шақырылды. Күдікті Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

«Қыздың дауысын естіген бойда мен ол жерге дереу бардым. Менің орнымда бәрі осылай жасар еді деп ойлаймын», – деді Калашников.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, екінші күдіктіге ұстау жоспары жарияланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.