15-02-21 |
2090 рет қаралған
Нұр-Сұлтан тұрғыны бағасы 40 миллион теңге болатын есірткіні үйінде сақтаған.
Нұр-Сұлтан тұрғыны бағасы 40 миллион теңге болатын есірткіні үйінде сақтаған

Елордалық тәртіп сақшылары аса ірі көлемде дизайнерлік есірткі сатқан тұрғынды ұстады. 32 жастағы ер адамнан бір жарым келіден астам «A-PVP» синтетикалық есірткі тәркіленді.

Жеке тексеру кезінде күдіктіден 800 грамм синтетикалық есірткі заты табылды. Күдікті тауарын Теміртау, Атырау және Павлодар қаласына сатуға жібермек болған.

Ұсталған адамның үйін тінту кезінде салмағы 850 грамнан асатын, құрамында «A-PVP» әсерлі психотроптық заттары бар жеті орама пакет табылып, тәркіленді.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 килограмнан астам «A-PVP» синтетикалық есірткі немесе 5 000 дозадан асады.

Айта кетейік, мұндай көлемдегі есірткінің қара нарықтағы құны 40 миллион теңгенің шамасында бағаланады.

Қазіргі кезде ұсталған адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.