16-02-21 |
1890 рет қаралған
«Қазпошта» қызметкерлері мұғалімнің ақшасын жұмсап жіберген.
«Қазпошта» қызметкерлері мұғалімнің ақшасын жұмсап жіберген

Ақмола облыстық полиция қызметкерлерінің араласуымен мұғалімнің бес жыл бұрынғы ақшасы қайтарылды.

12 ақпан күні Қорғалжын аудандық полиция бөліміне 74 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Шағымданушы 2016 жылғы 200 мың теңге көлемінде еңбек демалысының ақысын «Қазпошта» бөлімшесінен ала алмай жүргенін хабарлаған.

Жедел іздестіру шарасы барысында оқиғаға қатысы бар күдіктілерді анықтады. Олар 2016 жылы «Қазпошта» филиалының кассирі болып жұмыс істеген 39 және 52 жастағы Қорғалжын ауданының тұрғындары болып шыққан.

«2016 жылдың шілдесінде әйелдер басқа адамдардың ақшасын алып, оларды заңды алушыға бермей, өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. «ҚазпоштаQUOT» филиалының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабардар етті Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.