Байқоңырда жаттығудан кейін үйіне оралмаған жасөспірімнің денесі Сырдария өзенінің жағасынан табылды. Екінші бала іздестіріліп жатыр.
Бұл туралы Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
«Бір баланың денесі табылды. Мамандар сәйкестендіру жұмыстарымен айналысады. Екінші ұлды іздеу жалғасуда», – деп хабарлады ТЖМ.
Төтенше жағдайлар департаменті Ерхан Анастың мәйіті жоғалған жерден 1,5 шақырым қашықтықтағы Сырдария өзенінен табылғанын хабарлады. Мәйітті Ресейдің құқық қорғау органдары тікұшақтан көрген.
Қазіргі кезде «Байқоңыр» кешені прокуратурасының хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалды, тергеу барысы прокурордың ерекше бақылауында.
Айта кетейік, Жеті жасар Нұрәлі Оразбаев пен Ерхан Анас 20 ақпан күні сағат 10:30 шамасында бассейннен шығып, үйлеріне оралмаған. Анықталғандай, жасөспірімдер «Маяк» спорт кешенінде өткен жаттығудан кейін жоғалып кетті.
Ресейдің тергеу комитеті екі жас баланың белгісіз жоғалып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау органдары балаларды іздеуде.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024