Қаңтар айында Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері тағамдық ас түрінен бөгде заттарды жұтып қойған 94 баланы құтқарып қалған. Олардың ішінде химиялық күйік беретін бұйымдар да бар болып шықты.
Бұл туралы «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі дерегін негізге ала отырып хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, мұндай қауіпті заттар балалардың тыныс алу жолдары, асқазан, құлақ, сондай-ақ, ішекте тұрып қалады.
Дәлірек айтқанда, жас шамасы 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалардың ағзасынан монеталар, сағат батареялары (химиялық күйік береді – ред. ), шегелер, түйреуіштер, киімнің салпыншақтары тағы басқа бұйымдар табылса, құлақ пен мұрыннан ұсақ моншақтар, қағаз, поролон, тастар алынған.
Осы ретте, дәрігерлер ата-аналарың мұндай оқыс жағдайдың өзінде арада 2-10 күн өткенде ғана дәрігер көмегіне жүгінетінін айтады. Соның салдарынан ағзадағы кейбір бөгде заттарды рентген зерттеуі немесе УДЗ жасаған кезде табылуда. Бұндай жағдай бұрын да аз болмапты.
Мәселен, аталған клиникада 2020 жылдың екінші жартыжылдығында әртүрлі сатыдағы бөгде заттар ағзасына түскен 21 бала дәрігер көмегіне жүгінген.
Сонымен қатар балалар арасында химиялық сұйықтықты ішіп (тұрмыстық тазалау құралдарын), ауыз жұтқыншағы мен өңеші химиялық күйік алғандар да бар. 2020 жылдың екінші жартыжылдығында «Өңеш түйнегі» диагнозымен 22 бала ем қабылдаған.
Өкінішке қарай, дәрігерлердің айтуынша, ішкі ағзасын химиялық күйік шалған балалар мүгедек болып, мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына қосылуда.
Мамандар бұл жағдай ата-аналардың балаларға салғырт қараулары себебінен болып жатқанын айтады. Сондықтан ата-аналарды бала өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024