Талғар аудандық ауруханасына науқас анасын әкелген ер адам дәрігермен сөзге келіспей қалды. Ер адам қызметтік міндетін атқарып жүрген хирургты сабап, бас миының шайқалуымен травматология бөлімшесіне түсірді.
Оқиға 28 ақпан күні тіркелді. Талғар аудандық ауруханасына аппендицит диагнозымен анасын әкелген ер адам дәрігермен сөзге келіп, оны соққыға жыққан.
Оқиға салдарынан зардап шеккен дәрігер жабық бассүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуымен травматология бөлімшесіне жеткізілді. Видео желіде жарияланып, қызу талқыланды.
Ауруханады таяқ жеген дәрігердің ісіне қатысты полициямен тергеу, анықтау жұмыстары жұмыстары жүріп жатыр.
«Емдеуші дәрігердің айтуына қарағанда, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр. Ол 5-7 күн стационарлық ем қабылдайды», – деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Облыстық полиция сот-медициналық сараптама тағайындалғаны туралы хабарлады.
«Іс бақылауда, оқиғаға қатысы бар азаматтар анықталды. Соңғы процестік шешім сараптама нәтижесі бойынша қабылданады», – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Медицина қызметкерінің жағдайы орташа ауыр. Ол стационарлық емнен бөлек 3-5 апта бойы оңалтудан өтуі керек.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024