Маңғыстау облысы полиция департаменті қыз баланың өліміне қатысты «Суицидке апару» бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Марқұм 11-ықшамаудандағы үйден 23 ақпан күні кешке шыққан. Алдын ала белгілі болған мәліметтер бойынша, ол таксиге отырып, жағалауға қарай бет алған.
Әлеуметтік желіде жағалаудан марқұмның жеке заттары саналған күрте, жемпір, бейсболка және ұялы телефоны табылғаны туралы ақпарат тарап кетті.
Полицияға қыз баланың жоғалғанын 25 ақпан күні анасы хабарлаған. Сол күні полицейлер қыздың денесін 4-ші «А» ықшамауданынан, Жартас жолы маңынан тапты. Денеде зорлық белгілері жоқ.
«Факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі «Суицидке апару» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жалғасуда», – деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024