
Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде жасы 65-тен асқан азаматтарды вакциналауды бастамақ. Егде жастағы қазақстандықтар вакциналаудың алғашқы кезеңінде де екпе алып үлгерген.
Бұл туралы «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты мемлекеттік бас санитар Ерлан Қиясов мәлімдемесін негізге ала отырып хабарлайды.
дәрігер Ерлан Қиясов айтуынша, алдағы уақытта вакцина алатын топтардың аясы кеңейе түспек.
«Сәуірде-ақ тәуекел тобындағы 65-тен асқан тұлғаларға вакцина еге бастаймыз. Вакцинаның өңірлерге жеткізілу қарқынына қарай вакцина алатын топтардың аясы кеңейетін болады», – деді Ерлан Қиясов.
Ол, тіпті, вакциналаудың алғашқы кезеңінде екпе алып үлгерген екен егде жастағы қазақстандықтардың жағдайы да жақсы екенін жеткізді.
«Жасы 60-тан асқан көп адам екпе алды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Осыған қарап вакцина қолайлы екенін көруге болады», – деді Ерлан Қиясов.
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025