19-03-21 |
3730 рет қаралған
Қазақстан туризмі тұрақты дамыған елдер ішінде Ресей мен Түркияның алдына шықты.
Қазақстан туризмі тұрақты дамыған елдер ішінде  Ресей мен Түркияның алдына шықты

Euromonitor International компаниясы туризм саласы тұрақты дамып келе жатқан елдер рейтингін жариялады. Жалпы тізімдегі 99 мемлекеттің ішінде Қазақстан 62-ші орынға ие болды.

ҚР мәдениет және спорт министрлігі мәліметінше, туризм саласы тұрақты дамып келе жатқан елдер тізімінде Швеция, Финляндия жəне Австрия көш бастаса, Ресей Федерациясы 65-ші, Түркия 66-шы сатыға жайғасқан. ТМД құрамындағы елдерден Беларусь Республикасы 26-шы, Украина 30-шы, Грузия 41-ші орын алды.

Ал Түркменстан, Тəжікстан, Қырғызстан, Армения мен Молдова рейтингтен тыс қалыпты. Тізім соңында Маврикий (97), Үндістан (98) мен Пәкістан (99) тұр.
Рейтинг экология, парасаттылық және жауапкершілік сынды принциптерге негізделген. Сала зерттеушілері тұрақты туризм саламен қатар табиғи ресурстарды сақтауды, қоғамдағы əлеуметтік жəне мəдени құндылықтарды жандандыруды көздейтінін айтады.

Туризм саласын тұрақты дамытудың мақсаты – экономикалық өсу және болашақ ұрпақ үшін экологиялық игіліктерді сақтау арқылы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына қол жеткізу.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.