02-04-21 |
2680 рет қаралған
Мүфтият: Биыл ауызашарлар ұйымдастырылады.
Мүфтият: Биыл ауызашарлар ұйымдастырылады

Биыл Ораза айы кезінде ауызашар рәсімін санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастыруға болады. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеңейтілген мәжілісте айтты.

ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев Рамазан айында санитарлық талаптарды сақтай отырып ауызашарлар ұйымдастыру, Ораза айт мерекесіне орай мешіт ауласына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастыру, Ораза айт күндері қарттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл сыйлау секілді іс-шаралар атқарылатынын жеткізді.

Марат Жаппасбаев пандемияға байланысты бұл жұмыстар барынша сақтықпен өтетінін айтты. Дегенмен Бас мүфти «жасыл аймақтарда» орналасқан өңірлер Рамазан айын мүмкіндігінше қалыптасқан дәстүрге сай өткізу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, аталған жиында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров биыл бірнеше ірі жоба дайындалып жатқанын, оның ішінде «Рамазан керуені» сынды шалғайдағы ауылдарды қамтитын қайымдылық іс-шаралар бар екенін жеткізді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.

Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.