08-04-21 |
1500 рет қаралған
66 мыңнан аса студенттің тағдыры қалай шешілді?.
66 мыңнан аса студенттің тағдыры қалай шешілді?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, лицензиядан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылған. Студенттердің гранттары сақталған және келісім шарт бойынша төленуі керек оқу ақысы төлене береді. 

«Лицензиясынан айырылған университеттерде 66 мыңнан астам адам оқыды. Бүгінде барлық студенттер басқа оқу мекемелеріне ауыстырылды. Грантта оқығандардың гранттары сақталды. Ақылы негізде оқығандардың да оқу құны сақталады. Тіпті басым бөлігінің оқу құны арзандады. Бірде-бір студент оқудан шеттетілген жоқ», – деді Асхат Аймағамбетов.

Аймағамбетов тексеру кезінде білім министрлігі университеттерді жеке және мемлекеттік деп бөлмейтіндігін атап өтті. Өйткені ең маңызды міндет білім сапасын арттыру болып табылады.

«Біздің мақсатымыз ЖОО-ны жабу емес. Лицензиясынан айырылған универитеттердің қатарында мемлекеттік университеттер де бар. Біз жүйелі шаралар қолданып жатырмыз. Бұл сертификаттау мәселелері , академиялық еркіндікті кеңейту шаралары және басқалары. Оларды білім және ғылым министрлігі университеттермен бірге жүзеге асырады», – деді министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.